Финансы
161954 Қазақстандағы жанармай бағасы үкiмет мұнай өнiмдерiнiң экспортына тыйым салған соң ғана қымбаттамай отыр Экономика и бизнес

Жанармай бағасының теңдесуы

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының президентi Қайыргелдi Қабылдиннiң айтуынша, ерте ме, кеш пе кедендiк одаққа мүше елдердiң жанар-жағармай бағасы теңеспек. "Бүгiнде Қазақстандағы жанар-жағармай бағасы Ресейдiкiнен төмен. Жанармай бағасының теңдесуы

Бiздегi бағаның көтерiлмеуiне екi себеп түрткi. Бiрiншiден, инфляцияны ырқында ұстау, екiншiден, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету. Ал Ресейде болса, мұның бiрi де жоқ. Ондағы баға әлемдiк нарықтағы мұнай бағасына тәуелдi. Сондықтан мұнай өнiмдерiне бағаны нарық принциптерi реттейдi.

Кедендiк одақ құрылғаннан кейiн баға теңесуi тиiс. Мүмкiн, Ресейде, жақында премьер-министр В.Путиннiң өзi айтпақшы, жанар-жағармай бағасы төмендейтiн шығар. Бәлкiм, бiзде сәл көтерiлетiн шығар. Әйтеуiр, ерте ме, кеш пе, бәрiбiр бiр бағаға тоқтайтынымыз анық", – дедi ол.

Бiзге де бiр нәрсе анық. Ресейде жанармай бағасының арзандауы екiталай. Ал Қазақстандағы жанармай бағасы үкiмет мұнай өнiмдерiнiң экспортына тыйым салған соң ғана қымбаттамай отыр. Егер алда-жалда сол қаулы күшiн жойса, баға көкке ұшпақ. Ал жанармай құны көтерiлсе, азық-түлiк, өзге де өнiмдер қымбаттайтыны бесенеден белгiлi. Демек, жанармай жыры басталса, қымбатшылық қамытынан қашып құтылу қиынға соқпақ.

Источник: Жас Алаш

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 2

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .