Финансы
161750 Мұнай мен газ саласы экономикамыздың басым бағыты ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Табиғи байлықты игеру келісімдерін қайта қарайтың уақыт жетті

Ел бюджетіне түсетін қаржының да негізгі бөлігін осы сектордан түскен табыс құрайды.

Табиғи байлықты игеру келісімдерін қайта қарайтың уақыт жетті
Фото: mariner-energy.com

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі экономикалық тоқырауға байланысты мұнай-газ және тау-кен саласына шетелдік инвесторларды шақырып, аталған өндірістің едәуір бөлігін алпауыт компаниялардың игеруіне беруге мәжбүр болдық.

Дегенмен, 2005 жылы арнайы қабылданған заңның негізінде егер еліміздің табиғи байлығын игеріп жатқан шетелдік кәсіпорын өз үлестерін сатуға ниеттенсе, ең алдымен Қазақстан үкіметіне ұсынуға тиіс болды. Осы заң нормасының арқасында біздің үкімет алғаш рет "Қашаған" кенішінің 8,33 пайыздық пакетін сатып алуға қол жеткізді. Бүгінде аталған кеніште біздің үлесіміз 16,81 пайызды құрап отыр. Осы жақында ғана үкіметтің "Қарашығанақ" кен орнының 10 пайыз акциясын иемденуге әрекет жасап жатқаны жарияланды.

Әлемде табиғи газдың ең ірі кеніштерінің біріне жататын "Қарашығанақта" шамамен 1,35 трлн. текше метр табиғи газ бар деп болжанған. Сонымен бірге, ол аумақта 1,2 млрд. тонна мұнай да жатқаны белгілі.

Бүгінде ондағы итальяндық "Enі" компаниясы және "BG" Британияның мемлекеттік холдингі әрқайсысы кеніштің 32,5 пайыздық үлесін бақылайды. Сонымен қатар, мұнда "Cһevron мен Lukoіl" да үлесші болып кірген.

Осыған орай, жоғарыдағы қадам біздің еліміз қол жеткізген үлкен игіліктің бастауы деп білген жөн.

Қазір әлемдік нарықта Қытай, Үндістан, Бразилия секілді жаңа ойыншылар пайда бола бастады. Қарап отырсаңыз өзге елдердің табиғи ресурстарын сатып алып жатқан сол елдердің мемлекеттік компаниялары. Ол дегеніңіз, мемлекеттік компания болған соң сол елдің мемлекеттік мүддесі, мүмкіншілігі барлығы іске қосылады деген сөз.

Бұл әлемде бар тәжірибе. Сондықтан, еліміздің мемлекеттік үлесті ұлғайтуға бағытталған саясатын қолдап, оны жүйелі түрде жүргізген тиімді. Егер, кен орындарында мемлекеттің үлесі болмаса ол жерде не істеліп жатыр, ондағы жасалып жатқан әрекеттің біздің мүддемізге қаншалықты сай келетінінен хабарсыз болар едік. Жалпы, мемлекеттік үлесті көбейтудің жолдары өте көп. Мәселен, осыдан жиырма жыл бұрын бүкіл дүниежүзі бойынша мұнай-газ секторының 80 пайызы трансұлттық компаниялардың қолында болды. Ал, соңғы жылдары бұл саладағы үлестің 80 пайызын мемлекеттік және ұлттық компаниялар иемденіп отыр. Міне, тенденция қалай өзгеруде? Бұл тәсілді мұнайлы Араб елдері, Латин Америкадағы Венесуэлла мемлекеті өте тиімді пайланды. Себебі, ең алдыменен табиғи байлықтар халықтың меншігі. Сол себепті, ол ел игілігіне, мемлекетке қызмет етуі тиіс.

Ол үшін жер асты байлығын игеріп жатқан шетелдік компаниялардың еліміздің экологиялық заң талаптарын орындауын қатаң бақылау қажет.

Ел үкіметі таяуда ғана 212,4 млрд. теңгенің мұнайын заңсыз алу фактісіне қатысты "Теңізшевройл" компаниясына айыппұл салды. Бас прокуратура мәлімдегендей, ТШО белгіленген 5100 метр тереңдіктен төмен 40-тан астам ұңғыма қазған.

Мұндағы басты мәселе шетелдік компаниялардың жұмысының жабық түрде жүргізілуі. Мәселен, жоғарыдағы "Теңізшевройл" компаниясымен біз 1993 жылы келісімшартқа қол қойдық. Осы келісімшарт әлі күнге дейін жарияланған жоқ. Одан кейінгі 1997 жылы жасалған "Қарашығанақ", "Қашаған" секілді үлкен кен орындарын игеру, өнімді бөлісу жөніндегі шарттар да біздің қоғам үшін жабық күйінде келеді. Мемлекеттің меншігі болып табылатын кен орындары жөніндегі шарттар дүниежүзінде ашық жасалады. Мәселен, нарық жағдайына біз секілді өткен Әзірбайжан мемлекетінде келісімшарттар ашылып, халыққа жария болды.

Осыған орай, биылғы жылы Елбасы белгілі бір жағдайда келісім-шарттарды біз де ашайық дегендей ұсыныс айтты. Алайда, үкімет тарапынан бұл тұрғыда ешқандай әрекеттер жасалмады. Сонда, ол компания қанша мұнай өндірді, қаншасын сатты, тапқан пайдасы қанша дегенде бұл жерде не жасырын ақпарат болуы мүмкін. Демек, бұл жерде жемқорлық әрекеттер, көлеңкелі табыстар бар деген сөз.

 

Источник: Дала мен Қала

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 5

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .