161748 "Технопарк - 2030" қайта өңдеуден өткізетін зауыты өз өндірісін толық қуатымен іске қосты. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

Қалдықты табыс көзіне айналдырған кәсіпорын

Таңдаған бағыты мен өндірісі де басқалардан өзгеше кәсіпорын Еңбекшіқазақ ауданындағы Саймасай ауылының маңында орналасқан.

Қалдықты табыс көзіне айналдырған кәсіпорын
basik.ru

Зауыттың өндірістік негізіне техникалық және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу ғана емес, олардан сапалы әрі арзан құрылыс материалдарын алуға мүмкіндік беретін технология алынған.

Үстіміздегі жылдың басында жарияланған статистикалық деректер бойынша біздің елімізде жыл сайын 20 миллиард тонна қоқыс-қалдықтар жинақталып қалатын көрінеді. Бұл тек біздің елге ғана тән өзекті мәселе емес. Әлемдегі дамыған және қарқынды дамуға бет алған мемлекеттердің барлығы қалдықтарды өңдеуге қатысты проблемаға бас қатырады. Аталған мәселе Еуропада да тым өткірлігімен ерекшеленеді. Дегенмен қарт құрлықтағылар қоқыстан да пайда табудың тың жолдарын іздестіруден және оны қолданудан басқалардың алдында тұр.

Батыстың қалдықтарды қайта өңдеуде жинақтаған тәжірибесі соңғы жылдары Қазақстанда да батыл түрде қолданысқа енгізілуде.

Батыстың қалдықтарды қайта өңдеуде жинақтаған тәжірибесі соңғы жылдары Қазақстанда да батыл түрде қолданысқа енгізілуде. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ауқымында "Технопарк - 2030" компаниялар тобына түрлі қалдықтарды кәдеге жарату мақсатында 0,5 миллиард теңгеге жуық қаржы салыныпты.

Саймасай ауылындағы қоқысты қайта өңдейтін зауыт Қазақстанның барлық аймағы бойынша құрылыс алаңдарына арзан әрі сапалы құрылыс материалдарын жеткізетіндердің бірі болып саналады. Осында шығарылған құрылыс материалдарын қолданып отырғандар арасында "Азиада - 2011" нысандары да бар. Өндірілетін өнімдер желісін ағашты қабат пен резіңке ұнтақтары, одан алынатын веложолдарға және жүгіру жолақтарына арналған резіңке төсеніштер бастайды.

"Технопарк - 2030" компаниялар тобының президенті Шыңғыс Рысбеков осынау инновациялық даму бағыты өзінің басқаларға ұқсамайтындығымен және жағдайға бейімделгіштігімен қолайлы болып отырғанын айтады. Мұнда ол барлық өндірісті компьютерлендіру мен роботтандыруды ғана емес, рентабельділігі жоғары негіздің қалыптасқанын жұртшылыққа жеткізгісі келіп отыр.

Қазіргі кезде зауытта Саймасай ауылында тұратын, оқыту курстарынан өткен жиырмадан астам біліктілігі жоғары маман жұмыс істейді. Кәсіпорынның өнімдеріне келер болсақ, олар өзінің аса сапалылығымен ерекшеленеді. Ағашты қабат құрылысқа қажетті ағаш өнімдерін толықтай ауыстыра алады. Оны нысанның сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарына да пайдалануға болады. Температураның өзгермелігі мен ылғалдың көптігіне де аса төзімді. Жиырма жылға дейін сол қалпында қызмет етеді. Сондықтан еденге де төсеуге болады.

Резіңке ұнтақтары мен төсеніштерін шығару үшін автокөліктің қолдануға жарамсыз болып қалған резіңке доңғалақтары пайдаланылады.

Зауыт жыл сайын 300 мыңнан астам резіңке доңғалақтарды қайта өңдеуден өткізе алады. Кәсіпорын экологиялық тұрғыда қауіпсіз. "Технопарк - 2030" компаниялар тобы жақын күндері Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласында қоқысты қайта өңдейтін екінші зауытты іске қоспақ. Зауыттар қоршаған ортаның зиянды қалдықтармен ластануын барынша азайтумен қатар, даму мен өркендеуге де өзіндік үлес қосады.

Источник: Айқын

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .