161596 2007 жылғы 13 шілдеде берілген №14 лицензиядан айырылды. ➨ Читайте больше на NUR.KZ Экономика и бизнес

"Uni Finance сақтандыру брокері" лицензиясынан айырылды

"Uni Finance сақтандыру брокері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына 2007 жылғы 13 шілдеде берілген №14 лицензиядан айырылды, хабарлайды Қазақстанның қаржы қадағалау агенттігі.

"Uni Finance сақтандыру брокері" лицензиясынан айырылды
newsfactsanalysis.wordpress.com

"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 16) тармақшасы, 53-3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасы және 55-бабының 1-тармағының 1) және 2-1) тармақшалары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереженің 18-тармағының 4) тармақшасы негізінде, Агенттік Басқармасының "Uni Finance сақтандыру брокері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы" 2010 жылғы 26 мамырдағы № 72 қаулысында белгіленген мерзімде ЖШС лицензияны тоқтата тұруға негіз болған жағдайды жоймағаны және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын бұзуды жою жөніндегі уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шарасын бірнеше рет (жүйелі он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан астам рет) орындамағаны үшін Агенттік Басқармасының 2010 жылғы 31 тамыздағы № 118 қаулысымен "Uni Finance сақтандыру брокері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына 2007 жылғы 13 шілдеде берілген №14 лицензиядан айырылды.

"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес Агенттіктің заңнамада белгіленген тәртіпте сақтандыру брокерінің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтініші сотқа беріледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 50-бабының 2-тармағына сәйкес сот заңды тұлғаны тарату туралы шешімді қабылдайды, тарату комиссиясын тағайындайды және осы Кодекске сәйкес таратудың тәртібі мен мерзімін белгілейді.

Источник: www.afn.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 3

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .